Түркістан облысында бетперде киген адамдар әйелге шабуыл жасап, азаптаған (ВИДЕО)

/
Түркістан облысында бетперде киген адамдар әйелге шабуыл жасап, азаптаған (ВИДЕО)
istockphoto.com

Түркістан облысы Леңгір қаласында бетперде киген белгісіз біреулер әйелді байлап, өз үйінде бірнеше сағат бойы соққыға жыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, жәбірленушіні шабуыл жасағандар таңғы сағат 5-ке дейін ұстап отырған. Кейін олар оқиға орнынан бой тасалаған. Үйдің терезелері сынған, заттар шашылып, үйдің астаң-кестеңі шыққан. Алдын ала болжам бойынша, шабуыл жасағандар ақша іздеген болуы мүмкін.

Кадрлардан әйелдің денесінде көптеген жарақат барын және бетінің қатты ісіп кеткенін көруге болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары