ТүркПА байқаушылары: Құрылтай сайлауы – Қазақстан халқы үшін тарихи оқиға

/
ТүркПА байқаушылары: Құрылтай сайлауы – Қазақстан халқы үшін тарихи оқиға
ortcom.kz

Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТҮРКПА) ҚР Құрылтай депуттарының сайлауында халықаралық байқау жүргізуді аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТүркПА Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты, Миссия басшысы Осман Местен Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында миссия жұмысының қорытындысымен таныстырды.

«Таңертең сағат 07.00-де сайлау учаскелері ашылғаннан бастап барлық байқаушылар жұмыс орындарына келіп, кешкі сағат 20.00-ге дейін миссиясын орындады. ҚР Құрылтайына бірінші сайлау 23 тамызда өтті. Бұл Қазақстан Республикасы үшін тарихи сәт, бұл ел халқы үшін тарихи кезең», – деді спикер.

Миссия Орталық сайлау комиссиясының, Өңірлік сайлау комиссияларының жұмысын жоғарғы бағалап, әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың сайлауға белсенді қатысқанын атап өтті.

Осман Местен Қазақстан халқын бір палаталы Парламент – Құрылтай сайлауының өтуімен құттықтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар