Құрылтай сайлауы ашықтық пен әділдік қағидаттарына сай өтті – Дания Еспаева

Құрылтай сайлауы ашықтық пен әділдік қағидаттарына сай өтті – Дания Еспаева

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева Құрылтай сайлауының қорытындысына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Құрметті отандастар, қадірлі сайлаушылар!

Бүгін еліміздің саяси өміріндегі тарихи оқиға алғашқы Құрылтай сайлауы өз мәресіне жетті, халқымыз өз таңдауын жасады.

Бұл Құрылтай – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды саяси реформаларының айқын нәтижесі, жалпыұлттық референдумда қабылданған халықтық Конституциямыздың жүзеге асуының нақты көрінісі", – дейді Д.Еспаева.

Партия төрағасының айтуынша, тарихи өзгерістердің заңды дәлелі ретінде өткен алғашқы Құрылтай сайлауы ашықтық пен әділдік қағидаттарына сай өтіп, азаматтарға өз таңдауын еркін жасауға мүмкіндік берді.

Оның айтуынша, барлық саяси партиялар ашық бәсеке жағдайында сайлауға қатысып, өз бағдарламаларын сайлаушыларға жан-жақты жеткізді.

"Бұл – еліміздін саяси жүйесін жаңғырту жолындағы маңызды қадам әрі халықтың өз болашағын айқындауға тікелей қатысуының жаңа кезеңі.

«Ақ жол» Демократиялық партиясы осы сайлауға жан-жақты дайындықпен, мол тәжірибемен, мықты командамен және елдің ертеңіне бағытталған жаңашыл идеялармен қатысты. Бүгінгі нәтиже біз үшін жай ғана пайыздық көрсеткіш емес. Оның артында «Ақ жолға» сенім артқан мыңдаған азаматтың үміті мен арманы, елдің болашағына деген нақты сенім тұр", – деді ол сөз соңында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар