Құрылтай сайлауында бюллетень суретін желіге жариялаған 7 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы жалпыұлттық онлайн-марафон аясында Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Бас прокуратураның бас прокурор аппаратының БАҚ мониторингі және жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы Ерлан Жанпейісов айтты.
«Дауыс беру процесі тыныш жағдайда өтті. Сайлау комиссиялары тарапынан ешқандай құқықбұзушылықтар белгіленбеді. Дауыс беру аяқталғанға дейін бүгін Астана, Алматы, Шымкент, Орал және Қостанай қалаларында прокурорлар қысқартылған тәртіппен 7 азаматты айыппұлға тартты. Олардың барлығы толтырылған бюллетень суреттерін таратуға байланысты болды», - деді ол.