Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай депутаттарының сайлауының өтуімен құттықтады

/
Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай депутаттарының сайлауының өтуімен құттықтады
Фото: Ақорда

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және бауырлас қазақ халқын Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауының сәтті өтуімен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Азаматтардың еркін таңдау білдіруі нәтижесінде қалыптасқан Құрылтай Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, құқықтық және қоғамдық-саяси институттарды жетілдіруге, сондай-ақ елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатынына кәміл сенемін.
Сіздің басшылығыңызбен жүзеге асырылып жатқан дәйекті реформалар мемлекеттің ұзақ мерзімді мүддесіне, халықтың әл-ауқатын арттыруға және елдің одан әрі өркендеуіне қызмет етіп отырғанын қанағаттанушылықпен атап өтемін.

Қырғыз-қазақ стратегиялық әріптестігі мен одақтастық қатынастары бұдан әрі де нығая түсіп, екі ел халықтарының игілігіне, сондай-ақ бүкіл Орталық Азиядағы бейбітшілік, тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз етуге бағытталған жаңа мазмұнмен толыға беретініне сенім білдіремін.

Сізге зор денсаулық, амандық және мемлекеттік қызметіңізде табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тілеймін», – делінген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың құттықтау хатында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары