Маңғыстаулық студент Назархан Туранов Германияның астанасы Берлин қаласында Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Назархан Туранов – Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенті. Қазіргі таңда ол академиялық мобильдік бағдарламасы аясында бір семестр оқу үшін Германияда білім алып жатыр.
Студент сайлау күні Берлин қаласындағы дауыс беру учаскесіне барып, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты. Оның айтуынша, елдің қоғамдық-саяси өміріне араласу және өз таңдауын білдіру – әр азаматтың маңызды жауапкершілігі.
Жас қазақстандықтың Берлинде дауыс беруі – шетелде білім алып жүрген студенттердің ел өміріне белсенді араласуға ұмтылысын көрсетеді. Білім мен тәжірибе жинақтап жүрген жастардың азаматтық ұстанымын танытып, қоғамдық үдерістерге қатысуы – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.
Қазақстандық студент Берлинде Құрылтай сайлауына қатысты