Қызылордада 3 837 сайлаушы үйден дауыс беруге өтініш білдірді

Қызылордада 3 837 сайлаушы үйден дауыс беруге өтініш білдірді

Қызылордада 4 мыңға жуық тұрғын үйден дауыс беруге өтініш білдірді. Комиссияның 2 мүшесі берілген өтініштерге сай азаматтардың дауыс беруін ұйымдастыруда, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Бүгінде аймақ бойынша 3 837 азамат үйден дауыс беруге ниет білдірді. Комиссия мүшелері тасымалданатын жәшікпен бірге өтініш иесінің үйіне барып дауыс беруді ұйымдастыруда. Мүгедектігі бар, учаскеге келуге мүмкіндігі жоқ азаматтардың барлығы да таңдау жасауға құқылы. Барлық өтініш берген азаматтардың дауыстарын алуға міндеттіміз. Қазір үйден дауыс беруге өтініш қалдырған сайлаушылардың басым бөлігі дауыс беріп үлгерді, – дейді Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Абай Тағыберген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары