Әнші Фарида Жолдасова Құрылтай сайлауында дауыс берді

/
Әнші Фарида Жолдасова Құрылтай сайлауында дауыс берді

Маңғыстауда әнші Фарида Жолдасова Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі сайлау учаскесіне барып, ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдірді.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған жазбасында өз таңдауын елдің болашағына деген жауапкершілікпен байланыстыратынын атап өтті.

- Бүгін мен де Құрылтайға барып, өз дауысымды бердім. Кейде “менің бір дауысымнан не өзгереді?” деген ой айтылып жатады. Бірақ әрбір үлкен өзгеріс дәл осындай жеке таңдаулардан басталады деп ойлаймын. Бір адамның таңдауы аз болып көрінуі мүмкін, алайда елдің ортақ дауысы дәл сол мыңдаған, миллиондаған жеке дауыстан құралады. Менің бүгінгі кішкентай ғана қадамым еліміздің болашағына қосқан үлесім деп білемін, - деді Фарида Жолдасова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары