Мұнайлы ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Ақмоншақ Жақсылықова Құрылтай депутаттарын сайлау күні №194 сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Көпбалалы ана үшін сайлауға қатысу – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. 12 перзент тәрбиелеп отырған Ақмоншақ Жақсылықова отбасы құндылығы мен ұрпақ тәрбиесінің қоғам дамуындағы маңызын атап өтті.
– Әр ата-ана баласының жарқын болашағын қалайды. Сондықтан еліміздің ертеңіне бейжай қарамай, өз азаматтық міндетімді орындап, сайлауға қатыстым. Әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы керек, – деді ол.