Абай облысында сайлаушылар «Тұсаукесер» рәсіміне куә болды

/
Абай облысында сайлаушылар «Тұсаукесер» рәсіміне куә болды

Бесқарағай ауданындағы №258 сайлау учаскесінде сайлау күні ұлттық құндылықтарды дәріптеген ерекше шара өтті. Учаскеге келген тұрғындар қазақ халқының тағылымы мол «Тұсаукесер» дәстүріне куә болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақ тілектер айтылып, көпшіліктің алдында бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Жиналған жұрт сәбидің қадамы нық, жолы ашық болсын деген ізгі ниеттерін білдіріп, ақ батасын берді.

Сайлау күні ұйымдастырылған тағылымды шара ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап қана қоймай, учаскедегі мерекелік көңіл-күйді арттырып, тұрғындарға ерекше әсер сыйлады.

Осылайша, №258 сайлау учаскесінде ел таңдауы мен ұлттық дәстүр сабақтасқан тағылымды сәт көпшілік жадында қалды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары