Алматыдағы дауыс беру орындарында ерекше мерекелік атмосфера қалыптасты. Тұрғындардың көңіл-күйін көтеру үшін «Нұрлы әжелер» ансамблі өнер көрсетіп, халық әндерін орындады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әжелердің бұл бастамасы аға мен жас буын арасындағы тығыз байланысты, яғни ұрпақтар сабақтастығын айшықтай түсті. Өмірлік тәжірибесі мол үлкен буын өкілдері өздерінің азаматтық ұстанымын білдіріп қана қоймай, жастарға өнеге көрсетіп, ел болашағына деген жауапкершілікті сезінуге шақырды.
Бұл күннің тарихи мәні де ерекше, себебі азаматтар жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлауда. Түркі дүниесінің тарихи тамырынан бастау алатын Құрылтай дәстүрінің қайта жаңғыруы — елдегі қоғамдық диалог пен демократиялық өзгерістердің жаңа кезеңі. Әжелеріміздің ақ батасы мен ұлттық өнері осы тарихи сәтте ел бірлігі мен сабақтастықтың жарқын көрінісіне айналды.
Алматыда әжелер ансамблі сайлау учаскесінің алдында ән шырқады