Елімізге танымал желаяқ, халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы, тәжірибелі марафоншы Қайыржанов Бейбіт Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Спортта ел намысын абыроймен қорғап, ұзақ қашықтықтарға жүгіруден жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген спортшы сайлауға қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді.
Бейбіт Қайыржанов үшін ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын саяси науқанға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Ол барша азаматтарды сайлау құқығын пайдаланып, ел болашағына бейжай қарамауға шақырды.
Құрылтай сайлауы – қоғам дамуының маңызды бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретін тарихи таңдау. Осындай жауапты сәтте әр азаматтың белсенділігі елдің ертеңіне деген ортақ жауапкершілікті танытады.