Шетелдегі 11 402 сайлаушының 6 007-сі дауыс берді – СІМ

/
Шетелдегі 11 402 сайлаушының 6 007-сі дауыс берді – СІМ

Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте құрылған 79 сайлау учаскесінің барлығы жұмысын бастады. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Орталық сайлау комиссиясында мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шетелде тіркелген 11 402 сайлаушының 6 007-сі өз таңдауын жасаған. Қазіргі уақытта 11 мемлекеттегі учаскелерде дауыс беру аяқталды.

Шетелдегі дауыс беруді АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы сайлау учаскесі соңғы болып аяқтайды. Бұл учаске Астана уақытымен сағат 19:00-де жұмысын бастады.

Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша шетелдегі учаскелік сайлау комиссияларының қорытынды хаттамалары Орталық сайлау комиссиясына дереу жолданады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар