Алматы облысы Байсерке ауылында сайлау күні этно-брейк ұйымдастырылды

/
Алматы облысы Байсерке ауылында сайлау күні этно-брейк ұйымдастырылды

Алматы облысының Байсерке ауылында Құрылтай депутаттарын сайлау күні этно-брейк ұйымдастырылды. Ашық алаңда Aiza Dance студиясының үш ансамблі өнер көрсетіп, көрермендерге түрлі би қойылымдарын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Wonderful» ансамблі «Бақыты», «Феерия» тобы «You are my heart», ал «Феникс» ансамблі «Счастье» биін орындады. Әр қойылым музыкасы, пластикасы, сахналық образы және этникалық элементтерімен ерекшеленді.

Aiza Dance студиясын хореограф-қоюшы, көркем гимнастикадан спорт шебері Фатима Сайфуддинова басқарады. Жеті жыл ішінде студия шәкірттері халықаралық хореографиялық байқауларда бірнеше рет лауреат және жүлдегер атанып, Super Grand Prix иеленген.

Ұжым телевизиялық жобаларға қатысып, Роза Рымбаева және басқа да белгілі өнер иелерімен бір сахнада өнер көрсеткен.

Бұл жолы бишілерге үлкен сахна мен арнайы декорация қажет болмады. Музыка басталған сәттен Байсеркедегі ашық алаңның өзі би сахнасына айналды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары