Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп сайлауда дауыс берді

/
Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп сайлауда дауыс берді

Кәсіпкер, Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Құрылтай сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дауыс бергеннен кейін ол Қазақстанды экономикасы қуатты әрі әлемдегі жетекші мемлекеттердің біріне айналған ел ретінде көргісі келетінін атап өтті.

– Әр дауыс – елдің болашағын айқындауға, мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз етуге және Әділетті Қазақстанды бірге құруға қосылған маңызды үлес. Экономикасы қуатты, болашағы жарқын, әлемдегі жетекші мемлекеттердің біріне айналатын Қазақстанды бірге құрайық! – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары