Ақмола облысында сайлау күні ашық аспан астында отандық фильм көрсетілді

/
Ақмола облысында сайлау күні ашық аспан астында отандық фильм көрсетілді

Целиноград ауданының Ақмол ауылында сайлау күні тұрғындар үшін ашық аспан астында отандық фильм көрсетілді. Киносеанс №640 сайлау учаскесінің жанындағы мектептің спорт алаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz Өңірлік Коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сайлау учаскесіне барғаннан кейін тұрғындар бірден үйлеріне қайтпай, кино көруге мүмкіндік алды. Көрермендер үшін ашық алаң дайындалып, олар отбасымен және достарымен бірге уақыт өткізіп, отандық фильм тамашалап, ауылдастарымен еркін әңгімелесті.

«Дауыс беруден кейін тұрғындарға аздап демалып, бірге уақыт өткізуге мүмкіндік жасағымыз келді. Ашық аспан астындағы кино – көпшілікке ұнайтын қарапайым әрі жағымды формат. Сонымен қатар отандық фильмдерге деген қызығушылықты арттыруды да көздедік», – деді ұйымдастырушылар.

Мектептің спорт алаңы бір сәтке ашық аспан астындағы шағын кинотеатрға айналды. Тұрғындардың бір бөлігі сайлау учаскесіне барғаннан кейін киносеансқа қосылса, енді бірі арнайы фильм тамашалауға келді.

Осылайша, Ақмол ауылында сайлау күні тұрғындар үшін дауыс берумен қатар, бас қосып, пікір алмасып, бірге уақыт өткізуге мүмкіндік берген мазмұнды кешке ұласты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары