Шымкенттегі бірқатар сайлау учаскелерінде балаларымен бірге келген дауыс беруші ата-аналарға «Ұрпақ үні» тақырыбындағы арнайы боямақтар орналастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған бастама балалардың сайлау учаскесіндегі уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп, ата-аналардың дауыс беру рәсіміне қатысуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
«Ұрпақ үні» боямақтарында балалардың ел болашағы, бейбіт өмір, білім және Отан тақырыптарына қатысты бейнелерді бояуына мүмкіндік қарастырылған.
Баланың әрбір салған суреті – оның арманы мен болашаққа деген үмітінің көрінісі.
Балалардың арманы – елдің ертеңі.
Ал жарқын болашақ – бүгінгі ортақ жауапкершіліктен басталады!
Арнайы боямақтар ұйымдастырылған сайлау учаскелері:
№286 сайлау учаскесі – №137 жалпы орта мектеп;
№352 сайлау учаскесі – №3 Оқушылар сарайы.