Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылында «Абысын-ажын 2026» байқауының облыстық кезеңінде жүлделі I орын алған Нұрмағанбет ата әулетінің келіндері ұлттық киіммен Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлттық нақыштағы киім киіп, сайлау учаскесіне бірге келген келіндер қазақы салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің үлгісін көрсетті.
Нұрмағанбет ата әулетінің келіндері абысын-ажын арасындағы татулық пен берекені насихаттап, өңірдегі қоғамдық іс-шараларға да белсенді атсалысып жүр.
Сайлау күні олардың ұлттық киіммен келіп, азаматтық таңдау жасауы – ұлттық құндылық пен елдік ұстанымның сабақтастығын көрсеткен ерекше көрініс болды.