Ауылдағы сайлаушылардың шамамен 70 пайызы дауыс беріп үлгерді – бақылаушы

Ауылдағы сайлаушылардың шамамен 70 пайызы дауыс беріп үлгерді – бақылаушы

Павлодар облысы Аққулы ауданына қарасты Қызылқоғам ауылындағы №327 сайлау учаскесінде «Әділет» партиясы атынан бақылаушы ретінде қатысып отырған Жанаргүл Тоқтасын сайлаушылардың шамамен 70 пайызы дауыс беріп үлгерді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сайлау учаскесі белгіленген уақытта өз жұмысын бастады. Дауыс беру басталғанға дейін қажетті ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, сайлаушылардың өз азаматтық құқықтарын жүзеге асыруына барлық жағдай жасалған. Учаске жұмысы белгіленген тәртіп пен заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.

Сайлау процесіне әртүрлі партия мен қоғамдық ұйымдар атынан келген бақылаушылар да қатысып, өз міндеттерін атқаруда. Бақылаушылар дауыс беру процесінің ашықтығы мен белгіленген тәртіпке сәйкес өтуін қадағалауда.

№327 сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың жалпы саны – 200 адам. Дауыс беру барысында сайлаушылар учаскеге біртіндеп келіп, өз таңдаын жасауда. Қазіргі мәлімет бойынша, сайлаушылардың шамамен 70 пайызы дауыс беріп үлгерді», – дейді ол.

Жанаргүл Тоқтасын алғаш рет дауыс берген жастардың белсенділігін атап өтті.

«Дауыс беруге келген азаматтардың арасында орта жастағы сайлаушылармен қатар, аға буын өкілдерінің де белсенділігі байқалады. Атап айтқанда, 80 жастан асқан 5 азамат дауыс беріп, өз азаматтық таңдауын жасады. Бұл – аға буын өкілдерінің қоғамдық өмірге белсенді араласуы мен азаматтық жауапкершілігінің жақсы үлгісі деп білемін.

Сонымен қатар, биыл 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беруге қатысып отырған жастар да бар. Олардың сайлау учаскесіне келіп, алғаш рет өз таңдауын жасауы – азаматтық жауапкершіліктің қалыптасуының маңызды көрсеткіші. Жастардың сайлауға қатысуы олардың ел болашағына деген қызығушылығы мен қоғамдық өмірге белсенді араласуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Бақылау барысында сайлаушылардың учаскеге келуі бірқалыпты жүріп жатқаны байқалды. Азаматтар белгіленген тәртіппен дауыс беріп, сайлау процесіне белсенді қатысуда. Учаскедегі жағдай тұрақты, дауыс беру процесі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр.

Мен, «Әділет» партиясы атынан бақылаушысы ретінде, сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысын бақылауды жалғастырып, сайлау процесінің ашық, әділ және белгіленген тәртіпке сәйкес өтуіне назар аударудамын», – дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары