Қызылорда облысында 15 батыр ана бір мезетте сайлау учаскесіне келді

/
Қызылорда облысында 15 батыр ана бір мезетте сайлау учаскесіне келді
Қызылорда облысы өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Қызылорда облысы Дәуілкөл ауылындағы №109 сайлау учаскесінде ерекше көрініс орын алды. Бір мезетте 15 көпбалалы «Батыр ана» медальдарын тағып, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ардақты аналардың марапаттарын тағып, бірге келуі көпшіліктің назарын аударды. Елге ұрпақ сыйлап, бірнеше баланы тәрбиелеп отырған аналар бұл күні де азаматтық белсенділігін көрсетті.

15 ананың бір уақытта бас қосуы отбасы құндылығының, анаға деген құрметтің және қоғамдық белсенділікті көрсетті.

15 ана 15 отбасының берекесі. Батыр аналарымыздың өнегесі кейінгі ұрпаққа үлгі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары