Абай облысы тұрғындарының суреті сайлау күніне арналған символикалық мозаикаға біріктірілді

/
Абай облысы тұрғындарының суреті сайлау күніне арналған символикалық мозаикаға біріктірілді
Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Абай облысында Құрылтай депутаттарының сайлауына арналған ерекше фотомозаика жасалды. Композицияның негізіне дауыс беруге қатысқан өңір тұрғындарының 100-ден астам фотосуреті енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әрбір сурет қазақстандықтардың бірлігі мен ел болашағына деген ортақ жауапкершілігін бейнелейтін тұтас композицияның бір бөлігіне айналды.

Еске салайық, бүгін, 23 тамыз күні, Абай облысында 464 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Өңір бойынша 402 408 азамат дауыс беру құқығына ие. Барлық сайлау учаскелерінде ашық әрі ұйымдасқан дауыс беруді өткізу үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары