Боксшы Алуа Балқыбекова Құрылтай сайлауына қатысты

/
Боксшы Алуа Балқыбекова Құрылтай сайлауына қатысты
Алматы қаласының Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Былғары қолғап шебері Алуа Балқыбекова оқу-жаттығу жиынында жүрсе де, Құрылтай сайлауына қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы бүгін Алматы облысының Жаңашар ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепте орналасқан сайлау учаскесіне барып, таңдау жасады.

Қазір Алуа Балқыбекова Алматы облысында оқу-жаттығу жиынында жүр. Сайлауға қатысу үшін ол алдын ала есептен шығару куәлігін рәсімдеген.

Осы сайлау учаскесінде бүгін Алуаның ұлттық құрамадағы командаласы, әлемнің үш дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да дауыс берді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары