Жетісу облысы Ақтекше ауылында 150 тұрғын Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасау үшін бір мезетте сайлау учаскесіне жиналды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдар, жастар мен ауыл азаматтары - барлығы бір сәтте бас қосып, азаматтық таңдауын жасады. Ұлттық киімдегі тұрғындар бұл көрініске ерекше реңк берді.
Бұл – жай ғана дауыс беру емес, ауылдың ауызбіршілігі мен елдік іске деген ортақ жауапкершілігін көрсеткен ерекше сәт.
Айта кетейік, Жетісу облысының Көксу ауданында Құрылтай сайлауын өткізу үшін 38 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.