Абай облысы Үржар ауданында жас жұбайлар той күні дауыс берді

/
Абай облысы Үржар ауданында жас жұбайлар той күні дауыс берді

Абай облысы Үржар ауданындағы №431 сайлау учаскесіне жас жұбайлар Қалиев Дәулет Дәуренұлы мен Қалиева Ақерке Екпінқызы келіп, дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz Абай Облысы Коммуникациялар Қызметіне сілтеме жасап.

Шаңырақ көтерген отбасы үшін бұл күн тағы бір қуанышқа ұласты. Олар отбасылық өмірін бастаған күні ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымдарын да білдірді.

«Бүгін біз үшін қос қуанышқа толы ерекше күн. Отбасын құрып, жаңа өмір бастаумен қатар, еліміздің болашағына қатысты өз таңдауымызды жасадық. Жастар ретінде еліміздің жарқын болашағына сенеміз және әрбір таңдаудың маңызды екенін түсінеміз», деді жас жұбайлар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар