Ақ көйлекпен сайлауға келді: Алматы облысында жас жұбайлар дауыс берді

Ақ көйлекпен сайлауға келді: Алматы облысында жас жұбайлар дауыс берді

Алматы облысы Іле ауданындағы сайлау учаскесінде қалыңдықтың ақ көйлегі мен фатасы, күйеу жігіттің классикалық костюмі бірден көпшілік көзіне түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

23 тамызда Нұрбек Базарбек пен Әсия Дәуренбекқызы шаңырақ көтерді. Олардың алғашқы отбасылық мерекесі Құрылтай депутаттары сайлауымен тұспа-тұс келді. Жас жұбайлар той киімдерімен сайлау учаскесіне барды. Неке қию рәсімінен кейін бірге дауыс беріп, таңдау жасады. Ерекше жұп учаскеде бірден жұртшылықтың назарына ілікті.

Сайлау комиссиясының төрағасы жас отбасыға бюллетеньдерді табыстап, дауыс бергеннен кейін оларды жаңа өмірге қадам басуымен құттықтады. Сондай-ақ жас жұбайларға бақыт, береке және ұзақ ғұмыр тіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар