Талдықорғанда Жетісу облысындағы Ұлы Отан соғысының көзі тірі жалғыз ардагері, 102 жастағы Ысқақ Құсайынов өз үйінде дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Майдангер соғыстан кейін 40 жылдан астам уақытын білім саласына арнап, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосты. Бүгінде оның 9 немересі, 26 шөбересі және 4 шөпшегі бар.
Дауыс бергеннен кейін Ысқақ ақсақал елге ақ батасын берді.
– Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын. Жастарымыз елін сүйіп, халқына қызмет етсін. Халқымыз қуатты болсын, – деді