Алматыда дауыс беру күні «Сайлаушымен бірге ән шырқа» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сейфуллин Жолбарыс Алматыдағы №265 сайлау учаскесінде өнер көрсетті
Алматыда дауыс беру күні №265 сайлау учаскесінде концерттік бағдарлама өтіп жатыр. Сайлаушылар алдында әнші әрі композитор Сейфуллин Жолбарыс өнер көрсетті. Өнерпаз қала тұрғындарына әнін тарту етті.
Оның өнер көрсетуі «Сайлаушымен бірге ән шырқа» акциясының бір бөлігіне айналып, сайлау учаскесіндегі мерекелік бағдарламаны толықтыра түсті. Сондай-ақ келушілер үшін аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Еске салайық, Алматыдағы бірқатар сайлау учаскесінде мәдени іс-шара өтіп, дауыс беру күніне мерекелік көңіл күй сыйлап жатыр.