Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу көрсеткішін жариялады. Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәлімет бойынша, сағат 16:00-де елімізде 8 240 336 сайлаушы бюллетень алған. Бұл – тізімге енгізілген азаматтардың 65,37 пайызы, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш Қызылорда облысында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 81,38 пайызы дауыс берген. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы тұр, көрсеткіш – 79,33 пайыз. Ең төмен нәтиже Алматы қаласында тіркелді, 36,65 пайыз.
Өңірлердегі дауыс беруге қатысу көрсеткіші:
Астана қаласы: 46,38 пайыз.
Абай облысы: 71,18 пайыз.
Ақмола облысы: 73,69 пайыз.
Ақтөбе облысы: 75,63 пайыз.
Алматы облысы: 67,23 пайыз.
Атырау облысы: 63,37 пайыз.
Батыс Қазақстан облысы: 61,81 пайыз.
Жамбыл облысы: 69,11 пайыз.
Жетісу облысы: 77,03 пайыз.
Қарағанды облысы: 70,91 пайыз.
Қостанай облысы: 70,09 пайыз.
Қызылорда облысы: 81,38 пайыз.
Маңғыстау облысы: 65,86 пайыз.
Павлодар облысы: 67,06 пайыз.
Солтүстік Қазақстан облысы: 63,94 пайыз.
Түркістан облысы: 76,73 пайыз.
Ұлытау облысы: 64,29 пайыз.
Шығыс Қазақстан облысы: 79,33 пайыз.
Алматы қаласы: 36,65 пайыз.
Шымкент қаласы: 67,92 пайыз.
Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 18:00-де жарияланады.