Арыста «Өрмекші адам» Құрылтай сайлауында дауыс берді

/
Арыста «Өрмекші адам» Құрылтай сайлауында дауыс берді

Арыс қаласында Құрылтай сайлауына келген тұрғындардың назарына ерекше көрініс түсті. Сайлау учаскесіне «Өрмекші адам» бейнесіндегі азамат келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кейіпкердің ерекше киіммен келуі – сайлау учаскесіндегі жұрттың назарын аударып, балалар мен тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Күнделікті өмірде таныс суперқаһарманның бейнесін сомдаған азамат маңызды қоғамдық шараға өзіндік ерекшелікпен қатысты.

Бұл көрініс Құрылтай сайлауының әр өңірде түрлі форматта өтіп жатқанын аңғартты. Тұрғындар өз азаматтық міндетін орындаумен қатар, сайлау күнін есте қаларлықтай өткізуге үлес қосуда. Ең бастысы, ерекше образдың артында азаматтық жауапкершілік тұр.

Айта кетейік, Арыс қаласында 34 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Қала бойынша 43 291 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар