Атыраудағы APEC PetroTechnic колледжінің базасында жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға және сайлауға қатысуды насихаттауға бағытталған «Бір дауыс – бір пазл» акциясы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Акцияға 25 жас, сондай-ақ Жастар мәслихатының депутаттары қатысады.
Қатысушылар арнайы дайындалған пазлды құрастырды.
Оның әрбір бөлшегі жеке азаматтың қоғам өміріне қосқан үлесін білдіреді. Пазл бөліктерінің біртұтас композицияға бірігуі ел болашағы үшін бірліктің, ортақ мақсат пен әр азаматтың жауапкершілік маңызын көрсетті.