Сайлаудан кейін тұсауы кесілген Максим Абайдың қара сөзін таңдады

/
Сайлаудан кейін тұсауы кесілген Максим Абайдың қара сөзін таңдады

Ақтөбедегі №49 сайлау учаскесінде дауыс берген Люлиндер отбасы үшін Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы отбасылық мейрамға ұласты. Дауыс беру аяқталғаннан кейін отбасының кішкентай мүшесі Максимнің тұсауы кесілді, деп хабарлайды turkystan.kz 

Тұсаукесер домбыраның үнімен басталып, шашумен жалғасты. Бүлдіршіннің тұсауын облыстық мәслихат депутаты Сергей Вишняк кесіп, Максимге өмір жолында нық қадам басып, биік белестерді бағындыруды тіледі.

Рәсім кезінде Максим өзіне ұсынылған заттардың арасынан Абайдың қара сөзін таңдады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары