Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстан Республикасының жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мегаполис басшысы №231 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Бүгін елімізде ҚР Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Шымкент қаласында дауыс беру 365 сайлау учаскесінде ұйымдастырылған.
Сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылып, 20:00-ге дейін жұмыс істейді.