Қызылордада сайлау күні инватакси мен ымдау тілінің мамандары қызмет көрсетіп жатыр

/
Қызылордада сайлау күні инватакси мен ымдау тілінің мамандары қызмет көрсетіп жатыр

Қызылордада Құрылтай сайлауы күні 67 инватакси қызметі жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қажеттіліктерге қарай учаскелерде 45 ымдау тілінің маманы қызмет атқарады. Сондай-ақ, 75 учаскеде Брайль қарпімен жазылған трафереттер қолжетімді.

Сайлау күні облыс бойынша 492 524 азамат дауыс беруге құқылы.

Аймақта азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 193 онлайн сервис жұмыс істейді. Мұнан бөлек, азаматтарды уақытша тіркейдін 5 учаске жабдықталған. Барлығында «егов» арнайы сервистері қамтылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар