Түркияда 4 сайлау учаскесі ашылды

/
Түркияда 4 сайлау учаскесі ашылды

Түркияда Құрылтай сайлауына дауыс беретін 4 учаске өз жұмысын бастады, деп хабарлайды turkystan.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Түркиядағы азаматтары сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауға кірісті. Елде Құрылтай сайлауында дауыс беру құқығына ие шамамен 2 мың қазақстандық бар.

Анкара, Ыстанбұл, Анталия және Измир қалаларындағы сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары