Құрылтай – 2026: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды дауыс берді

/
Құрылтай – 2026: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды дауыс берді

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Құрылтай сайлауында дауыс берді. Қала басшысы №159 мектепте орналасқан сайлау учаскесінде таңдау жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дархан Сатыбалды Instagram парақшасында еліміздің саяси тарихында мүлде жаңа кезең басталғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үндеуінде атап өткендей, болашағымыз әрқайсымыздың саналы таңдауымызға байланысты. Қазақстанның жарқын келешегі әр азаматтың жауапкершілігі мен адалдығынан басталады», – деді ол.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары