Қызылорда облысында 102 жастағы кейуана сайлауда өз таңдауын жасады

/
Қызылорда облысында 102 жастағы кейуана сайлауда өз таңдауын жасады
Қызылорда облысы Өңірлік коммуникациялар кызметі

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы тұрғындары Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауын жасап жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сайлауға қатысқан тұрғындардың арасында биыл 102 жасқа толған Тәжбен Исабекова әже де бар. Ғасырдан астам ғұмыр кешкен қазыналы қария өз шаңырағында дауыс беріп, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.

Ақ жаулықты әже сайлау рәсімінен кейін ақ батасын беріп, елдің амандығын, жұрттың бірлігін тіледі.

– Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ел тізгінін ұстайтын азаматтарымыз халықтың қамын ойлап, елге адал қызмет етсін. Ұрпағымыздың болашағы жарқын, ынтымағымыз берік болсын. Әр шаңыраққа бақ-береке, денсаулық пен қуаныш тілеймін. Ақ жолдан таймай, ел болып еңселі өмір сүрейік, – деді Тәжбен әже ақ батасын беріп.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары