Бүгін Қазақстан бойынша алғашқы Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Еліміздің түпкір-түпкірінде халық өз таңдауын жасап жатыр. Шымкент қаласындағы №640 сайлау учаскесінде Әділет» партиясынан бақылаушы болып отырған Альбина Құрбанова тұрғындардың белсенді дауыс беріп жатқанын айтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бүгін №640 сайлау учаскесінде дауыс беру барысын бақылап отырмын. Таңертеңнен бері дауыс беру процесінің қалай өтіп жатқанын бақылаудамын. Бүгінде барлығы тиісті деңгейде ұйымдастырылған. Сайлаушылар учаскеге келіп, қажетті ақпаратпен танысып, өз таңдауын жасап жатыр. Азаматтардың сайлауға қызығушылық танытып, дауыс беруге белсенді қатысып жатқаны байқалады. Бақылаушы ретінде өз тарапымнан белгіленген тәртіптің сақталуына және дауыс беру процесінің ашықтығына назар аударып отырмын. Қазір қандай да бір даулы немесе штаттан тыс жағдайлар орын алған жоқ. Жалпы, сайлау учаскесіндегі жағдай тыныш. Дауыс беру ұйымдасқан түрде өтіп, штаттық режимде жалғасуда», - деді ол.