Қорғаныс министрі Құрылтай сайлауында алғашқылардың бірі болып дауыс берді

/
Қорғаныс министрі Құрылтай сайлауында алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Астанада сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Оның құрамына бес жыл мерзімге 145 депутат сайланады.

Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері елдің толыққанды азаматтары екенін және әрқайсысы мемлекеттің болашағын айқындауға өз үлесін қоса алатынын атап өтті.

Дауыс беруге шамамен 130 мың әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері қатысуда. Әскери бөлімдер мен мекемелер аумағында 25 жабық сайлау учаскесі ұйымдастырылған.

Әскери бөлімдерде дауыс беруді ұйымдастыру әскери қызметшілерге белгіленген тәртіп пен заң талаптарын сақтай отырып, сайлауға қатысуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар