Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы кейінге шегерілді

/
Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы кейінге шегерілді
Әлеуметтік желіден

Астанада 24 тамызға жоспарланған фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы техникалық себептерге байланысты басқа күнге ауыстырылған.

"Бұған дейін отырыс 24 тамыз күні сағат 10:00-ге жоспарланған болатын. Келесі отырыстың нақты күні, уақыты мен орны туралы қосымша хабарланады", - деп мәлім етті соттан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары