Құтқарушылар құдыққа құлап кеткен түйені аман алып шықты

/
Құтқарушылар құдыққа құлап кеткен түйені аман алып шықты
pixabay.com

Қызылорда облысының Арал қаласында ашық құдыққа құлап кеткен түйе аман алып шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, 112 пультіне жануарды құтқару туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, арнайы техниканың көмегімен құтқару жұмыстарын жүргізген.

Нәтижесінде мамандар түйені құдықтан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді.

"Біз үшін әрбір өмір маңызды", – деп атап өтті ТЖМ өкілдері.

Оқиға салдарынан жануардың жағдайы туралы қосымша мәлімет жарияланған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары