Алматыда автобуста төбелескен үш күдікті қамауға алынды

/
Алматыда автобуста төбелескен үш күдікті қамауға алынды
Алматы қаласының әкімдігі

Жанжалдың видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан үш ер адамның автобус ішінде бір-бірін теуіп, жұдырықтасып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Аталған факті бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жанжалға қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне принципті түрде құқықтық баға беріледі. Мұндай агрессивті және қоғамға қауіпті мінез-құлыққа жол берілмейді. Кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Полиция азаматтарды арандатуға бой алдырмай, жанжалды жағдайларды күш қолдануға және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырмай, бейбіт жолмен шешуге шақырады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары