Павлодарда төрт жасар қыз терезеден құлап кетті: дәрігерлер жағдайын айтты

/
Павлодарда төрт жасар қыз терезеден құлап кетті: дәрігерлер жағдайын айтты
istockphoto

Павлодарда төрт жасар қыз екінші қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 18 тамызда Павлодар қаласында болған. Төрт жасар бүлдіршін екінші қабаттағы ашық тұрған терезеден құлап кеткен.
Оқиғадан кейін бала Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер бүлдіршіннің жағдайын тексеріп, бірқатар диагностикалық зерттеу жүргізген.

Мамандардың айтуынша, қыз бала ауыр жарақат алмаған. Оны ауруханаға жатқызуға қажеттілік болмаған.

"Қыз бала тексеріліп, қажетті диагностикалық зерттеулер жүргізілді. Ауруханаға жатқызуға көрсетілімдер анықталған жоқ, ол амбулаториялық бақылауға жіберілді", – деп хабарлады Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары