«Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

/
«Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты
видеодан скриншот

Бүгін Астанада марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі басталды. Сот отырысында Ұлдана Мырзуанның анасы, жәбірленуші Салима Омаровадан жауап алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Салима Ешанқұлқызы сотта 4,5 млн теңгені Әділеттен қарызға алғандарын, кейін құдағиының ол ақшаны қайтаруды талап еткенін жеткізді.

«Қызым қайтыс болғаннан кейін бейсенбі сайын Құран оқыттық. Соның бәріне қаражат қажет болды. Ұлдананың Kaspi банктегі несиесін алты айдан кейін жабатын болғандықтан, үлкен қызым Әділеттен «Сол несиені жабатын 4,5 млн теңгені бізге бере тұр, алты айдан кейін несиені өзіміз жабамыз» деп, сұрап алды. Бірақ мамыр айында Әділеттің анасы, құдағи «Ақшаны қайтарыңдар, қайтармасаңдар, сот арқылы қайтарамыз» деп айтты», - деді Салима Омарова.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары