Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облысында «DALATEX» ұжымының ұсыныстарын тыңдады

/
Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облысында «DALATEX» ұжымының ұсыныстарын тыңдады
Қазақстан Халық партиясы

Қазақстан Халық партиясы Төрағасының орынбасары, партияның республикалық сайлауалды штабының мүшесі Ләйлә Искандерқызы Күленова, Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Мұратбек Мамытханұлы Маханов пен Қайрат Шаршыбекұлы Ерназаров, сондай-ақ Қазақстан Халық партиясының Қызылорда облыстық сайлауалды штабының мүшелері Талғат Телеубаев, Арайлым Байжігітова және Берік Шайнуров «DALATEX» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, кәсіпорын қызметінің ерекшелігі, өндірістік үдерістер және саланың даму перспективалары талқыланды.

Қазақстан Халық партиясының өкілдері өндіріс орындарының тұрақты жұмысы мен еңбек ұжымдарының кәсіби әлеуетін арттырудың маңыздылығына тоқталды. Кәсіпорын қызметкерлерінің пікірінше, өндіріс тиімділігін арттыру үшін заманауи технологиялармен қатар білікті кадрлар мен қолайлы еңбек жағдайы қажет.

Кездесуде Қазақстан Халық партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаттары еңбек ұжымының ұсыныстарын тыңдап, жұмыс орындарының тұрақтылығы, еңбек жағдайлары, әлеуметтік кепілдіктер және өндірістік үдерісті жетілдіруге қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты.

Еңбек ұжымы өкілдері кәсіби мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру және өндіріс орындарында тәжірибелі кадрларды сақтау жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Қазақстан Халық партиясының өкілдері көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме беріп, қатысушылардың сауалдарына жауап қайтарды.

Сонымен қатар Қазақстан Халық партиясы әлеуметтік мәселелерге де назар аударып, азаматтардың пікірін тыңдау және еңбек ұжымдарының ұсыныстарын ескеру қажеттігін атап өтті.

Бүгінде кәсіпорындардың тиімді жұмысы заманауи технологиялармен қатар білікті әрі жауапты мамандардың еңбегіне байланысты. Осыған байланысты Қазақстан Халық партиясының өкілдері еңбек адамы үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіби дамуына мүмкіндік беру және әлеуметтік кепілдіктерді жетілдіру мәселелерінің маңызын атап өтті.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қазақстан Халық партиясы еңбек ұжымдарымен осындай кездесулер арқылы өндіріс саласындағы нақты мәселелер мен ұсыныстарды талқылаудың маңыздылығын атап өтті.

Жиын қорытындысында Қазақстан Халық партиясының өкілдері кәсіпорын қызметкерлері көтерген мәселелерді назарға алып, ұсыныстарды алдағы жұмыс барысында ескерудің маңызын жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар