«Байтақ» партиясының өкілдері Мұғалжар ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

/
«Байтақ» партиясының өкілдері Мұғалжар ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді
"Байтақ" партиясының сайты

Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында «Байтақ» партиясының Ақтөбе филиалының өкілдері Мұғалжар ауданына сапарлап барды. Әуелі олар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне соғып, ұжыммен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шарада партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, экология мен әлеуметтік саясаттың өзара байланысы талқыланды. Әсіресе халықтың әл-ауқаты, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Партия өкілдерінің айтуынша, адамның өмір сапасы тек тұрақты жұмыс пен табысқа ғана емес, қоршаған ортаның жағдайына да тікелей байланысты. Таза ауа мен су, қолжетімді инфрақұрылым және қауіпсіз орта – халықтың әл-ауқатына әсер ететін маңызды факторлар.

«Экологиялық мәселелерді әлеуметтік саясаттан бөлек қарауға болмайды. Адамға лайықты өмір сүру үшін тұрақты табыспен қатар, таза әрі қауіпсіз орта да қажет», - деді Құрылтай сайлауына кандидат Айман Сексенова.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін алаңдатқан түрлі түйткілді көтеріп, ұсыныстарын ортаға салды. Партия өкілдері халықпен ашық диалогты жалғастыра бермек. Осылайша жергілікті жердегі проблемаларды анықтауға мүмкіндік аламыз деп отыр.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар