«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы «Астана Тазалық» ЖШС ұжымымен кездесті

/
«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы «Астана Тазалық» ЖШС ұжымымен кездесті
"Ақ жол" партиясының сайты

«Ақ жол» ҚДП партиялық тізім бойынша Құрылтай депутаттығына кандидаттар Бақытбек Бибаев, Мейрамгүл Қабдығалиева және Виктор Микрюков Астанадағы партияның сайлауалды штабы ұйымдастырған кездесу барысында «Астана Тазалық» ЖШС еңбек ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Астана Тазалық» ЖШС — елорданың коммуналдық кешеніндегі негізгі кәсіпорындардың бірі. Компания қала мен оған іргелес аумақтар және елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етеді.

Кандидаттар партияның Парламенттің жаңа шақырылымында ілгерілетуді жоспарлап отырған бірқатар бастамаларын таныстырды. Ұсыныстардың бірі — МӘМС жүйесіндегі әрбір салымшыға жеке шот бекіту. Оған азаматтың өзі аударған жарналары түсіп, инвестициялық табыс есептелетін болады. Бұл ретте емделуге ақы төлеу туралы шешім тек салымшының келісімімен қабылданып, азаматтарға емхана мен дәрігерді өз бетінше таңдау мүмкіндігі беріледі.

Спикерлер ең төменгі зейнетақы, ең төменгі жалақы және әлеуметтік төлемдер қолданыстағы АЕК көрсеткішіне емес, нақты күнкөріс деңгейі мен тұтыну себетінің нақты құнына негізделіп есептелуі қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ кандидаттар партияның 2013 жылдан бері сайлауалды бағдарламасында көтеріп келе жатқан бастамасын еске салды. Ол — жас отбасылардың ипотекалық қарыздары бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау: бірінші бала дүниеге келген кезде — 25%, екінші бала туған кезде — 50%, ал төртінші бала дүниеге келген жағдайда ипотеканы толық өтеу ұсынылады.

Спикерлер партияның Парламенттің бұған дейінгі шақырылымдарындағы жұмысының нәтижелеріне де тоқталды. Атап айтқанда, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның қабылдануы, бір палаталы Парламентке көшу бастамасы, Кәсіпкерлік кодексті әзірлеуге қатысу және шағын және орта бизнесті жүйелі түрде қолдау мәселелері атап өтілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар