Қазір әлеуметтік желіде кеңінен танылып жүрген, Ерсай атымен танылған кәсіпкер Ырысалды Тұрдықазы Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, Қазақстанға қалай келгенін, жас күйеуімен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Өзім Құлжа қаласы, Шапшалы ауданынанмын. Іле облысында 8 аудан бар. Сонда жергілікті әйелдерге жұмыс бердім, кәсіппен айналыстым. 17 жасымнан кәсіппен айналыстым. Кәсіппен айналысқаныма 16-17 жыл болды. Қызым Қытайда оқиды. Өзім де Қытай азаматымын. Қызым тоғыз айында әкесінен қалды. Қызымды жетектеп жүріп өсірдім. Жалғыз тұрғаныма он жыл болған. Қазақстанға алғаш рет 8 жыл бұрын келгенмін. Кейін карантин болды, келе алмадық. Өзім Қазақстанға келмей тұрып, тауарларымды беріп жіберіп, осы жақта сатылып жатты. Сөйтіп жүргенде Гуанжоуда қазіргі жолдасым Оолжаспен танысып қаламыз. Сөйтіп бізде өте жақсы бір махаббат пайда болды. Сосын үйленетін болдық. Сонымен тездетіп Қазақстанға келген жайым бар.Былтыр, желтоқсан айында Олжаспен танысып, тездетіп көшіп келдім. Қазақстанға келгеніме 7 ай болды», – деді ол.
Кәсіпкер күйеуі екеуінің махаббаты шынайы екенін, араларында ешқандай есеп жоқ екенін де жеткізді.
«Арамыз 8 жас. Ешқандай айырмашылығы білінбейді. Өйткені Олжастың кішкентай кезінен араласқан достарының бәрі өзінен үлкендер екен. Ақылы, ойы кішкентай балаға ұқсамайды. Кейде оны өзімнен үлкен сезінем. Бізде ешқандай есеп жоқ, шынайы махаббат. 34-темін. Бірінші рет жігіт көріп, бірінші рет махаббат болып жатқан жоқпын. Сондықтан адамның сезімі шынайы ма, өтірік пе біле аламын. Өйткені мен миллион адаммен араласып жүрмін. Бізде енді өте керемет махаббат. Аузым күймейді. Күйген жағдайда менің басымдағы тағдырым деп есептеймін. Ешқашан ешкімге ренішім жоқ», – деді ол.