Астана тұрғыны қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 337 млн теңге табыс тапқан

/
Астана тұрғыны қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 337 млн теңге табыс тапқан
istockphoto.com

Елорда тұрғыны 2023 жылдан 2025 жылға дейін жұмыс істеген қаржы пирамидасын ұйымдастырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оған 6,2 мыңнан астам адам тартылып, ұйымдастырушының табысы 337 млн теңгені құраған.

Ол мүлкі тәркіленбестен, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Бас прокуратура тағайындалған жеңіл жазамен келіспеді.

Кассациялық сот прокурордың наразылығы бойынша сот актілерінің күшін жойып, істі жаңа сот талқылауына жіберді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар