Екібастұзда абақтыға телефон алып кірмек болған адам ұсталды

/
Екібастұзда абақтыға телефон алып кірмек болған адам ұсталды
istockphoto.com

Павлодар облысында ҚАЖД қызметкерлері сотталған азаматтың Екібастұз қаласындағы №47 түзеу мекемесінің аумағына SIM-картасы бар iPhone телефонын алып кіру әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Заслон» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Екібастұз қаласындағы №47 мекеменің бақылау-өткізу бекетінде сотталған азаматты жеке тінту кезінде жасырылған SIM-картасы бар iPhone телефоны табылып, тәркіленді.

— Жол берген тәртіп бұзушылығы үшін сотталған азамат тәртіптік изоляторға (ТҰИ) қамалды. Аталған факті бойынша тиісті тексеру жүргізілді. Тінту сәті үздіксіз бейнебақылау камералары мен қызметкерлердің жеке бейнетіркеуіштеріне жазылып алынды, — делінген полиция хабарламасында.

Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ҚАЖ мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды алып кіру және сақтау қатаң тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар