Белгілі әнші Айдана Меденова әлеуметтік желідегі парақшасында бала күнгі суретін жариялап, естеліктерін бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Айтуынша, оның өнеріне де, өзіне де ешкім сенбеген. Тіпті артық салмағына байланысты буллинг те көріпті.
«Ешкімнің сен туралы айтқан сөзіне сеніп, өзіңнен алыстама. Бір күні ішіңдегі кішкентай балаға қайта оралып, оны құшақтап, қабылдайтын адам – өзің бол», – деп жазды ол.
Алған бетінен қайтпаған қайсар қыз, бүгінде өнерден де, өмірден де өз орнын тапқан.
Айта кетейік, әнші жақында хиджабын шешкен еді.